22 қазан 2014 16:40

KFC Казақстан әлеуметтік желіде жалған фото таратқандарды тапқалы отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

KFC Казақстан Интернетте жалған суретті таратқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына шағым түсіреді, сонымен қатар, моральдық және материалдық шығын өндіріп алуды көздеп отыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Американа" компаниясының бас директоры Абдулла Хафизге сілтеме жасап. KFC мейрамханалар желісі осы компанияға тиесілі. 

Астанада өткен баспасөз мәслихатында Хафиз "Біз кінәлі тұлғаларды құқық қорғау органдарына жауапкершілікке, қылмыстық жауапкершілікті қосқанда, тартуға ниеттіміз, сонымен бірге олардан материалдық және моральдық шығын өндіргіміз келеді", - деп мәлімдеді.

Мұнымен қатар, ол болған оқиға KFC Қазақстан мейрамханаларындағы сауданы айтарлықтай құлдыратпағанын айтты. Хафиздің айтуынша, олардың өнімін күн сайын шамамен 25 мың қазақстандық тұтынады. Ол бұл оқиғаның бәсекелестердің жымысқы әрекеті болуы мүмкін дегенді де айтады. 

"Мұның барлығы Қытайда басталды, онда бір қолданушы KFC өнімін түсіріп алған делінді. Бірақ жүргізілген зерттеулер мұның KFC өніміне еш қатысы жоқ екенін көрсетті, ал сурет қолдан жасалған болып шықты. Бұдан кейін сенбі күні көп елдің сайттарында бұл сурет "қыдырып" жүрді, өкінішке орай, ол Қазақстан қолданушылары арасында да таралып кетті", - деді Илья Политковский - Ресей және ТМД аумағында KFC брендінің иесі саналатын YUM! Brand Russia&CIS компаниясының сыртқы байланыс бойынша директоры.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Интернетте құрттап кеткен тауықтың суреті таралды, ол Астанада KFC мейрамханаларының бірінде сатып алынған делінді. Бірақ KFC өкілдері бұл суреттің фейк екенін айтып, мәліметті жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети