10 қазан 2014 13:12

Астанадағы "Думан" қонақүйі 4,3 миллиард теңгеге сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Думан" қонақүйі. ©wikimapia.org "Думан" қонақүйі. ©wikimapia.org

Астанадағы ""Думан" қонақүйі 4,3 миллиард теңгеге сатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап қайтарған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ баспасөз қызметі хабарлады


Астанадағы ""Думан" қонақүйі 4,3 миллиард теңгеге сатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап қайтарған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ баспасөз қызметі хабарлады

"Нысанның меншік иесі - "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС "Думан" қонақүй кешенін тікелей атаулы сауда жолымен "Армания" ЖШС-не сату жөнінде корпоративтік шешім қабылдады. 2014 жылдың 14 тамызында "Думан" қонақүй кешенін сатып алу-сату келісімшарты бекітілді, сату сомасы - 4,3 миллиард теңге", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Аталған серіктестік - Қазақстан Республикасының резиденті. "Думан" қонақүй кешенін сату жөніндегі ашық тендер екі рет жүргізілген және бұл байқауларға бір ғана сатып алушы қатысқан. "Армания" ЖШС-нен басқа бірде-бір сатып алушы нысанға иелік етуге ұсыныс білдірмеген. 

"Думан" қонақүй кешені Астанадағы Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан. Нысанның меншік иесі - "ҚМГ-Сервис" ЖШС. Кешеннің жалпы ауданы 44 мың шаршы метрден асады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz "Думан" қонақүйін қыркүйек айында сату жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. Нысанның нарықтағы құны - 5 миллиард 324 миллион теңге (жер телімін жалға алу құқығын сатып алу бағасын есептемегенде). PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory компаниясы нысанға тәуелсіз бағалау жүргізді. 2014 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, қонақүй кешенінің теңгерімдік құны 5 миллиард 20 миллион теңге (жер телімін жалға алу құқығы құнын есептегенде) деп белгіленді. Айта кетейік, "Думан" мейманханасы "Самұрық-Қазына" сатуы тиіс бейінді емес активтердің қатарына кіреді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети