13 ақпан 2015 18:14

Астанадан Павлодарға 10 мың теңгеге ұшып баруға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Rewalls.com ©Rewalls.com

15 ақпанда SCAT Астана - Павлодар рейсін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


15 ақпанда SCAT Астана - Павлодар рейсін ашады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Рейс аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады. Астанадан бейсенбі күндері сағат 07.10-да, ал жексенбі күндері, түстен кейін сағат 16.00-де ұшады. Ұшу уақыты - 40 минут. Жолаушылар "Бомбардье CRJ 200" жайлы реактивті лайнерімен ұшады. Билет құны барлық әуежай жиынымен 10 915 теңге болады", - деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері. 

Мұнымен қатар, Тараз тұрғындары Астанаға соғып, Павлодар қаласына ұша алатын болады. Тараздан ұшақ сағат 13.20-да ұшады. Әуежай алымымен қосқанда - 33 791 теңге. Билеттерді сайттан онлайн-режимде және қаланың барлық әуе кассаларынан сатып алуға болады. Айта кетейік, Астанадан Павлодарға Air Astana әуе компаниясының ұшақтары да қатынайды.  

Бұған дейін 2015 жылдың ақпан айында Алматы - Қарағанды - Астана бағытында республикаішілік әуе рейсі ашылатыны хабарланған еді, ол аптасына екі рет орындалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети