07 желтоқсан 2015 14:12

Елбасы "Бәйтерек" холдингінің төрағасын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бишімбаев кездесу барысында Елбасыға холдингтің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудың, шетелдік инвестиция тартудың, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудың қажеттілігіне назар аударды.

Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мың жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнестің 10 мыңнан астам субьектісіне қолдау көрсетілгенін, соның арқасында салық түсімдерінің көлемі 40 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінде жалға берілетін әлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, жыл аяғына дейін олардың саны 7 мыңға дейін жеткізіледі.

Холдинг басқармасының төрағасы инвестиция түрінде 320 миллиард теңге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіру және мұнай өңдеу, металлургия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаңа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Сонымен қатар, Бишімбаев үздік әлемдік тәжірибені ескеріп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия және басқа елдердің осындай бағдарламаларының үлгісімен әзірленген "Бәсекелестік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар" бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары туралы да баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардың бірқатары холдингтің даму институттарынан қаржылық қолдау алып, әзірлеген бастамаларын енгізумен айналысып жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы кезінде "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгроны" холдингтерінің бәрі ықшам ұйымдарға қайта құрылымдалатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети