30 желтоқсан 2014 18:03

Қазақстанда жанармайдың бағасы тағы арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанда жанармай бағасы 109 теңгеге дейін арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жанармай бағасы 109 теңгеге дейін арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне қосымша құн салығын қоса есептегенде мынадай баға белгіленді: дизель отынының литрі - 107 теңге, Аи-80 - 89 теңге, Аи-92/93 литрі - 109 теңге.

Еске сала кетейік, 11 желтоқсаннан бастап Энергетика министрінің бұйрығымен бөлшек саудада мұнай өнімдерінің бағасы төмендеген болатын. Сөйтіп Аи-92 маркалы бензиннің бағасы 128-ден 115-ке түсті, Аи-80 бағасы өзгерген жоқ, 89 теңгемен қалды, ал дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түсті. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети