26 маусым 2014 12:51

Қазақстанда ұялы телефонның көмегімен есеп айырысуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Заикин ©Владимир Заикин

Елімізде ұялы телефон арқылы есеп айырысу жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаровқа сілтеме жасап. 


Елімізде ұялы телефон арқылы есеп айырысу жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Нұрлан Жағыпаровқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұл жоба MasterCard PayPass атты ұялы байланыс технологиясы арқасында жүзеге асып отыр. Бұл жерде Sim-centric solution негізге алынды. Ондайда NFC-антенна және банк қосымшалары Sim-картаның өзіне енгізіледі. Әзірше, аталған төлем жүйесі тек MasterCard жүйесі бойынша ғана жұмыс істейді. Болашақта оны Visa негізінде де іске қосу жоспарда бар. "Бұл жүйе есеп айырысу операцияларын тездетіп, сауда орындарында болатын ұзын-сонар кезектерді барынша азайтуға көмектеседі. Әсіресе, оны қоғамдық көлікте, супермаркетте, тез тамақтану орындарында, дәріханалар мен жанар-жағар май құю стансаларында пайдаланған аса тиімді", - дейді Жағыпаров. 

Бүгінде ұялы байланыс арқылы есеп айырысу технологиясын жаппай қолдануға әбден болады. Қазірдің өзінде Homebank.kz қаржы порталының пайдаланушылары өтініш беріп, жобаға қатыса алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети