15 қаңтар 2016 09:46

Қазақстандықтың жалақыны көтеру жайлы сұрағы қытайлық басшысын күлдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь. © КТК "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь. © КТК

Мұнай бағасы құлдырағалы Ақтөбеде қыруар табысы азайған қытайлық инвесторлар мүшкіл жағдайларын айтып жыларман болды. Қазіргі күннің өзінде өңірдегі алпауыт компаниялардың бірі "СНПС -Ақтөбемұнайгаздың" кірісі 35 пайызға азайыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Мұнай бағасы құлдырағалы Ақтөбеде қыруар табысы азайған қытайлық инвесторлар мүшкіл жағдайларын айтып жыларман болды. Қазіргі күннің өзінде өңірдегі алпауыт компаниялардың бірі "СНПС -Ақтөбемұнайгаздың" кірісі 35 пайызға азайыпты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Былтыр мұнай мен газ өндіру көлемін ұлғайтқан едік. Бірақ қара алтын бағасының арзандауының кесірінен тапқан пайдамыз азайып кетті. Соңғы 18 жылда мұндай қиын жағдайға алғаш рет тап болып отырмыз", - деді Ван Цзюньжэнь, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ бас директоры.

Дегенмен, қытайлар билікпен арадағы келісімге байланысты жұмысшылар санын қысқартпауға уәде беріп отыр. Шенеуніктер мұнай алпауыттарын қарамағындағыларға берілетін әлеуметтік көмектерді сақтап қалуға да әрең көндірген.

Жергілікті билікпен арада қойылған осы мемарандум көріп қуанған мұнайшылардың бірі тіпті жалақына өсіруді сұрап күлкіге қалды. Жұмысшыларымен бірге жарыса жағдай айтқан қытайлық инвесторлар, енді тек қара алтын құнының қымбаттауын тілеуден басқа амал жоқ деп отыр. Жұмысшылардың бірінің "Азық-түліктің қымбаттауына байланысты биылғы жылы айлық мәселесі көтеріле ме? Қанша пайызға?" деген сұрағына қытайлық басшы, күлкісін жия алмай былай деп жауат қатқан: "Өзіңіз ойлаңызшы, мұнай 30 пайызға түсіп жатыр. Біздің жағдайымызға қараңызшы". (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети