08 қыркүйек 2015 14:02

"ҚазМұнайГаз" БӨ басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абат Нұрсейітов. © "ҚМГ" БӨ" баспасөз қызметі Абат Нұрсейітов. © "ҚМГ" БӨ" баспасөз қызметі

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Бас директоры Абат Нұрсейітов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Бас директоры Абат Нұрсейітов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның директорлар кеңесі оның басқа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тапсыру туралы өтінішін қанағаттандырды. Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон компания қызметін қалыпқа келтіру кезеңінде қосқан үлесі үшін Абат Нұрсейітовке алғысын білдірді. Бас директордың (басқарма төрағасы) міндетін атқару 2015 жылдың 8 қыркүйегінен бастап белгіленген тәртіп бойынша бас директор сайланғанға дейін бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаровқа жүктелді. "ҚМГ БӨ-нің директорлар кеңесі жақын арада жаңа бас директорды тағайындау туралы шешім қабылдайды және бұл туралы компания дереу хабарлайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Абат Нұрсейітов ҚМГ БӨ-нің Бас директоры болып 2013 жылы қаңтарда сайланды. Ол кезде Нұрсейітов Алик Айдарбаевтың орнын басты. Нұрсейітов ҚМГ БӨ-де 2006 жылдың қазан айынан бері жұмыс істеген. Ол Бас директор болмай тұрып өндіріс бойынша басшының орынбасары қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети