25 маусым 2014 21:43

Қытай Бүкіләлемдік банк тәрізді басқа ұйым құруды ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қытай Халық Республикасының билік өкілдері әріптестеріне Бүкіләлемдік банкке балама болатын 100 млрд доллар капиталы бар ұйым құруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости Financial Times басылымына сілтеме жасап.


Қытай Халық Республикасының билік өкілдері әріптестеріне Бүкіләлемдік банкке балама болатын 100 млрд доллар капиталы бар ұйым құруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Бейжіңнің пікірінше, Бүкіләлемдік банк АҚШ пен оның әріптестерінің ықпалына шамадан тыс ұшыраған. "Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі" (Asian Infrastructure Investment Bank, AIIB) аталатын жаңа қаржы ұйымын құруға 22 мемлекет құлық танытып отыр. 10 елмен өзаратүсіністік жөнінде меморандумға қол қойылған, банкті 2014 жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Басылымның хабарлауынша, жаңа ұйымның алғашқы жобасы Ұлы Жібек жолының аналогын жасау, ал келешекте банк қаржысы басқа да инфрақұрылымдық жобаларға салынуы тиіс. "Қытай Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық валюта қоры шеңберінде әлденеге қол жеткізудің қиын екенін түсініп отыр, сондықтан ол өзінің "Бүкіләлемдік банкін" құрып, оны өзі бақылағысы келеді. Мұндай құрылымға бүкіл Азия бойынша қызығушылық бар, бірақ бұлай болмағанның өзінде Қытай мұндай жоспарынан бас тарта алмайды", - дейді ақпарат көздерінің бірі.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, Қытай Азия даму банкін (АБР) Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық валюта қорының баламасы деп есептемейді. Азияға 2020 жылға дейін 800 млрд доллар көлемінде инфрақұрылымдық инвестиция керек деген Азия даму банкінің болжамын ескерген кезде Қытайдың өз дегеніне еркін жетуі сөзсіз, Азия даму банкі жыл сайын тек 10 млрд доллар көлемінде ғана инфрақұрылымдық несие бере алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети