30 сәуір 2014 15:52

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның жекешелендірілетін компанияларының тізімі жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Pm.kz ©Pm.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның жекешелендірілетін компанияларының толық тізімі жария етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Самұрық-Қазына" АҚ-ның жекешелендірілетін компанияларының толық тізімі жария етілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізім құрылымға кіретін 599 компанияға жүргізілген талдаудың нәтижесінде жасалған. Мұнда барлығы 106 компания еніп отыр. Биыл олардың көбі түгелдей және ішіанара сатылады.

"Самұрық-Қазына" жария еткен тізімнің толық нұсқасы мына жерде. 2014-2016 жылдары жеке инвесторлар "Қазақстан темір жолы" құрылымындағы 28 компанияны, "ҚазМұнайГаз" құрамындағы 23, "Қазақстан Инжиниринг" құрамындағы 21 компанияны, "Самұрық-Энерго" құрамындағы 10, "Қазатомөнеркәсіптегі" 7, KEGOC-тегі екі компанияны толықтай немесе ішінара жекешелендіре алады. Сонымен бірге, "Майқайыңалтын" АҚ, "Ш.Чокин атындағы Қазақ энергетикалық ҒЗИ АҚ, "ФН менеджмент"ЖШС ("Самұрық-Қазына" АҚ құрамында) үлестері сатылады. 2016 жылдан соң "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның сегіз компаниясы және "Қазмұнайгаз" АҚ-ның төрт компаниясы жартылай немесе толықтай сатуға шығарылады.

Жекешелендіру үшін "Самұрық-Қазына" холдингінің жеке бизнес ретінде қызмет етіп жатқан құрылымдары таңдалды. Сонымен бірге, холдингтің стратегиялық маңызы жоқ компаниялары да жеке қолға берілмек. Айта кетейік, бұған дейін 90 компанияның жекешелендірілетіні туралы айтылған кезде олардың баланстық құны 2013 жылдың соңында 100 млрд долларға немесе "Самұрық-Қазына" АҚ активтерінің 10%-ына бағаланған болатын. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети