04 сәуір 2024 09:51

Шетелдік инвестор қазақстандық банктің толық үлесін сатып алады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі (ҰБХ) қазақстандық Bereke Bank-ті шетелдік инвесторға сату туралы келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі (ҰБХ) қазақстандық Bereke Bank-ті шетелдік инвесторға сату туралы келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Холдинг Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, қазір әлеуетті инвестормен Bereke Bank акцияларының 100 пайызын сату бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты.

"Келіссөздің бастапқы кезеңінде тараптар ақпаратты жарияламау міндеттемелерін көздейтін келісімге қол қойды. Осыған байланысты холдингке қатысты жауапкершілік шаралары қолданылмас үшін оның үшінші тарапқа келіссөз барысы және мәміленің шарттары, оның ішінде құны мен шарттары туралы кез келген ақпаратты беруге құқығы жоқ", - деп хабарлады "Бәйтерек".

Реклама
Реклама

Әлеуетті инвестор Bereke Bank-ті қаншаға бағалады деген сұраққа холдинг жауап бермеді. Мәміле қашан жасалатыны да белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram