31 мамыр 2014 13:01

Украина Ресейге газ бойынша қарызының бір бөлігін төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости РИА Новости

Украинаның "Нафтогаз" компаниясы ресейлік газ бойынша қарызды жабуда "Газпромның" шотына 786 миллион доллар аударды. Бұл туралы Еуропада өткен үш тараптың келіссөзінен соң жарияланды деп хабарлайды РИА Новости. Аударылған ақша бүгінгі таңдағы қарыздың шамамен төрттен бір бөлігін құрайды.

"Біз ақшаның аударылғандығын растайтын құжат алдық. Ресей осы негізде келіссөзді жалғастыруға дайын", - деді Ресей-Укарина-ЕО форматында газ бойынша болған кезекті үшжақты министрлер кездесуін қортындылаған баспасөз мәслихатында Энергетика жөніндегі еурокомиссар Гюнтер Эттингер.

Эттингердің сөзіне қарағанда, Украина 10 күн ішінде бір мың текшеметрі 268 доллар құн негізінде газ бойынша барлық қарызды жабады. Мәскеу бұл бағаның келісілгеннен айырмасы айтарлықтай екенін айтады. "Бұл нарықтық баға емес. Бізге осы арасы түсініксіз, мұндай  баға қайдан алынған" деді РФ энергетитка министрі Александр Новак.

Газ бойынша келесі келіссөз дүйсенбіде болады. Украина премьер-министрі Арсений Яценюк, "егер тараптар Украина газ тасымалы бойынша жаңа келісімшартқа қол қоймаса, онда Киев Стокгольм сотына шағымданады" деп мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети