06 мамыр 2014 11:51

10 жастағы қазақстандық Грекияда өткен байқауда Гран-при иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхаммедәли Жүгінісов. ©Тengrinews.kz Мұхаммедәли Жүгінісов. ©Тengrinews.kz

10 жастағы Мұхаммедәли Жүгінісов PARADISE HOLIDAY-2014 халықаралық байқауында "кәсіпқой вокалистер" номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқауға әлемнің 10 елінен орындаушылар қатысқан.


10 жастағы Мұхаммедәли Жүгінісов PARADISE HOLIDAY-2014 халықаралық байқауында "кәсіпқой вокалистер" номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқауға әлемнің 10 елінен орындаушылар қатысқан.

Мұхаммедәлидің анасы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы, әкесі - продюсер. Бала музыкамен алты жасынан бастап айналысады. Оның вокалдан алғашқы ұстазы - анасы. Ағасы Рүстем Жүгінісов - X-factor думанының финалисі. 

Тағы бір қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда жеңімпаз атанды. 13 жастағы Айым Сәмекеева Қытайда өткен "Көктемгі дауыстар" вокал байқауында Гран-приді иеленді. Өнер бәсекесіне әлемнің 30-дан астам елінен талантты балалар қатысты. Байқаудың сындары қатал болған, қатысушылардың көбі финалға жете алмады. Айым бірінші күні-ақ халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Ол бұған дейін де түрлі музыкалық байқауларға қатысқан. Македонияда өткен "Езер моншақтары - 2008", Грекияда өткен "Күміс дельфин - 2009" халықаралық байқауларында жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Мұхаммедәли Жүгінісов пен Айым Сәмекеева - биыл 20-24 наурызда Алматыда өткен ALMALY.KZ ІІ балалардың ІІ халықаралық өнер фестивалінің жүлдегерлері.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети