The Spirit оf Tengri-2016 заманауи этникалық музыка фестивалінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
The Spirit оf Tengri-2016 заманауи этникалық музыка фестивалінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Гала-концерт 4-5 маусымда Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында болады. Екі күнге созылатын The Spirit of Tengri шоу фестивалі былтырғыдай open-air форматында өтеді. Концертті көру тегін. Айта кетейік, шара Алматы әкімдігінің қолдауымен қаланың 1000 жылдығы аясында ұйымдастырылғалы отыр. Кейінірек осы концертте өнер көрсететіндердің толық тізімі жарияланады.
The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырады. Шараның бас серіктесі - Kaspi Bank.
"Біз жыл сайын қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы дала халқының мұрасымен және планетаның әр түкпіріндегі ұлттық этникалық музыканың заманауи нұсқасымен таныстырамыз. Бұл жолы да тыңдармандарды ethnoworld жанрындағы жарқын атмосфералық шоу күтіп тұр", - деді шараның бас режиссері Сергей Майборода.
Айта кетейік, бірнеше жыл бойы ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль сахнасына әлемнің 30 елінің музыканттары шықты. Олардың ішінде түріктің BaBa Zula тобы, қытай-моңғолдан құралған Hanggai ұжымы, Тilla Török's Band & Holdviola тобы, эстониялық этнобенд TRAD.ATTACK!, грузиннің The Shin триосы, Башқұртстаннан келген "Арғымақ", Nordic Namgar, Радик Тюлюш бар. Қазақстандық өнерпаздардан фестивальде "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд", Roksonaki топтары мен Еділ Құсайынов өнер көрсетті. Айта кетейік, 2015 жылы фестивальді көруге 20 мыңнан аса адам жиналды.