10 қараша 2014 17:58

Kod A тобы "На вершине Тенгри" жобасының жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kod A тобы. ©Tengrinews.kz Kod A тобы. ©Tengrinews.kz

"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымындағы қараша сессиясының жартылай финалына екінші болып Kod A тобы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымындағы қараша сессиясының жартылай финалына екінші болып Kod A тобы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар көпшілікті сапалы музыкасымен ғана емес, терең мазмұнымен де жаулап алды. Өнерпаздар киім үлгісіне де аса назар аударыпты. Бэнд солисі жағасы шығыстық пішіммен тігілген қара жейдемен, ал бас-гитарашы шотланд килтын киіп шықты. "Бұл стиль біздің әуенге сәйкес, ол үйлесетін сияқты", - деді топ мүшелері. 

"На вершине Тенгри" жобасы VI маусымының қараша сессиясының Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) сахнасында өткен екінші концертінде төрт топ өнер көрсетті: Angry Ants, The Blaze, Kod A және "Спасибо Незачто". "Бұл "На вершине Тенгри" маусымының соңғы концерттерінің бірі. Өте лирикалық атмосфера болды. Адамдар отырды, демалды. Рок-музыканың түрлі-түрлісін қабылдау керек. Бәрі билемей-ақ қойса да болады. Кейде мән беріп, сөздерді түсініп тыңдау керек", - деді Tengri FM радиосының музыкалық редакторы Константин Головин.  

8 қарашада өнер көрсеткен Angry Ants Tengri FM тыңдармандарына өте жақсы таныс. Ұжым екі жыл үзіліс жариялады. Бэнд мүшелері жобаға қатысу мүмкіндігі топтың жиналуына себеп болғанын айтты. Қараша сессиясының екінші концертіне келген қонақтарды "Спасибо Незачто" атты алматылық топ та қуантты. Бұл топтың құрылғанына 6 жыл болды, бірақ таяуда оның құрамы өзгеріске түсті - топқа көкшетаулық музыканттар қосылды. 

12 қарашада үшінші - қараша сессиясының соңғы іріктеу концерті өтеді. Ал жұма күні, - 14 қарашада Event City Hall сахнасында финал болады. Бұл концертте бір ай бойы өткен сессиялардың үш жеңімпазы бақ сынайды. Олардың екеуі белгілі болып қойды: The Moloty және Kod A. Онда осы үш жеңімпаз ұжым "Конец фильма" тобының көшбасшысы Евгений Феклистовпен бірге өнер көрседі. 

"На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының қараша сессиясының жеңімпазы 2014 жылдың 5 желтоқсанында өтетін финалда өнер көрсетеді. 

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйектегі сессиясының финалдық концерті өтіп, оның жеңімпазы - Hadn't tea тобы болды. 24 қазанда екінші финал өтті, ол кезде LampЫ Orchestra тобы үздік болған еді. Ал жалпы жоба жеңімпазы атанған топ 2015 жылы ресейлік ірі рок-фестивальға қатысып, онда Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети