06 қыркүйек 2017 13:45

Ninety One әншілері не себепті тойға шықпайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ninety One тобы. © instagram.com/91ninetyone.kz Ninety One тобы. © instagram.com/91ninetyone.kz

Ninety One әншілері Қазнеттегі белгілі блогер Ержан Рашевке берген сұхбатында хейтерлермен қарым-қатынасы, той-тоймалаққа шығу-шықпау мәселесі, таяуда үлкен экрандарға шыққан фильмі, сондай-ақ, есірткіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ninety One әншілері Қазнеттегі белгілі блогер Ержан Рашевке берген сұхбатында хейтерлермен қарым-қатынасы, той-тоймалаққа шығу-шықпау мәселесі, таяуда үлкен экрандарға шыққан фильмі, сондай-ақ, есірткіге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбаттасушы "Ninety One" фильміндегі Ерболат Беделханның "Біз тойға шықпаймыз" деген эпизодын еске салып, топ мүшелерінен осының рас-өтірігін сұрады. Топтың солистері біржақты тойға шықпау туралы ұстанымның жоқ екенін айтты. 

"Үзілді-кесілді тойға шықпаймыз деп айта алмаймын. Егер әртіске лайық болса, біз тойда өнер көрсете аламыз. Дастархан алдында ән айтып тұрғаныңда адамдар аузындағы асын шайнап, бір-бірімен әңгімелесіп жатпаса, өнер көрсетуге болады. Әртіске сахна керек. Сахна берілсе кез келген жерде ән саламыз", - деді топ мүшесі Zaq. 

"Мен той-томалақтарда ән салатын әншінің сезімі жайлы айтқым келеді. Мәселен батыс елдерінде кештерде адамдар асын ішіп, сөйлесіп жатқанда жүргізуші бір топтың өнер көрсететінін хабарласа, сол тыңдармандар орындарынан тұрып, барып, ән тыңдайды. Сондай кештерде арнайы бір алаң болады. Сол жерде мәселен ән айтуға болады. Өз басым Ninety One тобына келер алдында мен осы жолмен нәпақа табатынмын. Әрдайым кештерде, той-томалақтарда ән салатынмын. Ән айтып тұрғаныңда біреулер төбелесіп жатады, біреулер құлап жатады, ыдыс-аяқ сынады. Ал сен ән айтып тұрасың, ақша табу керек. Ал негізінде әнші өзінің тыңдаушысы болғанын қалайды. Жанды дауыста шын беріліп өнер көрсетесің, ал онда төбелес болып жатады (...)", - деді Alem.

Сондай-ақ, әншілер әлемдік аренаға шығу туралы арманын айтты. "Бізде сонда шығуға (әлемдік аренаға - Авт.) бар мүмкіндігіміз бар. Өзіміз де сол жаққа шыққымыз келеді. Бірақ мұндағы ісіміздің бәрін тастап, кетіп қалғымыз келмейді. Мұнда біз бір қозғалыс жасағымыз келеді, іргетасы қаланғаннан кейін, бұл қозғалыста адамдар көп болса ғана, қазақстандық шоу-бизнес әртістерімен бірге әлемдік нарыққа шыққымыз келеді. Олардың біз туралы білгенін, өнеріміз жақсы екенін білгенін қалаймыз. Ағылшын тілінен кем түспейтін тілімізді, өте әдемі тіліміздің барын білгенін қалаймыз. Бөлініп емес, бірігіп әлемдік аренаға шыққымыз келеді. Бәрін осы жолға шақырамыз", - деді топ мүшелері. 

Осыдан кейін блогер Instagram желісіндегі хейтерлерге қатысты ойын сұрады. Zaq бұл мәселеге қатысты үндеу жасады. "Осы мәселе бойынша айтайыншы. Біз бұл жайлы таяуда ғана ойландық. Ойланып көрсек, бізді табиғат ер адам қылып жаратты. Бұл біздің ДНҚ-мызда, қанымызда. Мұны еш өзгерте алмайсың. Бұл табиғаттың тылсым күші. Ал енді ең қызығы, мен ер адам болып жаралдым. Бір кезде шашымды бояймын деп шештім. Қынадан жасалған бояуды аламын да, бояймын. Сосын ойланамын, "мен еркекпін бе?". "Иә, себебі мен табиғат солай жаратқан". Ал онда неге мен өзімді қыз деп ойлауым керек? Олар сонда қынадан жасалған бояу табиғатқа қарсы тұра алады деп ойлай ма? Мұнда қына бояуынан өзгере салатын не табиғат тым әлсіз, не солай айтатын адамдардың логикасында бір мәселе бар. Сөйтіп айтатындарға менің айтарым - қынадан жасалған бояу табиғатты өзгерте алады деп ойласаңыздар, біліп жүріңіздер, жоқ, жеңе алмайды. Өздеріңіз де бояп көріңіздер. Меніңше, маған сұр шаш жарасады, сондықтан бояймын", - деді ол. 

Еске салайық, 24 тамыздан бастап Қазақстан кинотеатрларында Ninety one тобы жайлы биографиялық фильм прокатқа шықты. Фильм режиссері - Асқар Ұзабаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети