10 қараша 2014 09:37

Pink Floyd тобы қоштасу альбомын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pink Floyd тобының соңғы әнжинағының Лондондағы жарнамасы. @REUTERS Pink Floyd тобының соңғы әнжинағының Лондондағы жарнамасы. @REUTERS

Pink Floyd британ рок-тобы The Endless River деп аталатын қоштасу альбомын шығарды, - деп хабарланды топтың сайтында.


Pink Floyd британ рок-тобы The Endless River деп аталатын қоштасу альбомын шығарды, - деп хабарланды топтың сайтында.

Әнжинақ Pink Floyd тобының 2008 жылы қайтыс болған музыканты Ричард Райтқа арналды. Дискке 18 аспаптық композиция және Louder Than Words әні кірді. Бұл әннің мәтінін осы топтың гитарашысы Дэвид Гилмордың жары Полли Сэмсон жазған. Альбомда 1994 жылы дайындалған тректер бар. Олар The Division Bell деп аталатын студиялық соңғы релизімен бірге жазылған. 

Осыған дейін The Endless River әнжинағының 2014 жылы Amazon сайтында алдын ала тапсырыс беру жөнінен рекорд орнатқаны хабарланған. 

Pink Floyd тобы 1965 жылы құрылды. Музыканттар АҚШ-та 74,5 миллион әнжинақ сатты. Pink Floyd тобының негізгі құрамы соңғы концертін 2005 жылы шілде айында өткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети