13 маусым 2017 09:50

Tamikrest тобы The Spirit of Astana фестиваліне Африканың рухы мен этно рок музыкасын әкеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tamikrest тобы Tamikrest тобы

Мали Республикасынан келген Tamikrest этно-рок тобы The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, The Spirit of Astana - 2017 шарасы Астана әкімдігінің қолдауымен 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді.


Мали Республикасынан келген Tamikrest этно-рок тобы The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, The Spirit of Astana - 2017 шарасы Астана әкімдігінің қолдауымен 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді.

Tamikrest тобы 2006 жылы құрылып, батыс рок пен поп стиліндегі дәстүрлі африкалық әуендерімен танымал болды. Музыканттар вокалдан бөлек, электргитара, бас-гитара мен соқпалы аспаптарда, джембе және басқа да аспаптарда өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта олар әлемді шарлап, өздерінің жаңа "Кидаль" альбомын таныстырып жүр. "23-24 маусымда Қазақстанда өтетін The Spirit of Astana фестивалінде боламыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі құрмет. Фестиваль біз үшін өте маңызды. Музыкамыздың өзінің ұзақ жылдар бойы сақтап келген тарихы ұмыт болмағанын қалаймыз. Біздің мақсатымыз - музыкамызды және мәдениетімізді сақтап қалу", - дейді Tamikrest тобының мүшесі Осман Аг Мосса.

Оның айтуынша, Tamikrest тобы үшін осындай музыкалық фестивальдер өте маңызды. "Фестивальдер концерттер сияқты өтпейді. Мұндай іс-шараларда көптеген жаңа командаларды, жаңа әртістерді және концерттерде болмайтын дүниелермен танысуға болады. Мен қазақстандықтарды қонақжай деп білеміз. Шетелдік бола тұра өзінді осында өте жақсы сезінесің. Сондай-ақ, Қазақстанның табиғаты өте әдемі - шөл дала мен таулар. Бұл жағы Африканың солтүстігіне ұқсас", - деп айтып өтті Осман Аг Мосса.


Tamikrest тобы

"Сахарадан келген бәдеуилердің (көшпелі араб халқы) Tamikrest деп аталатын тобы - рок-музыка мен дәстүрлі араб әндерінің мықты қосындысы. Сахара аумағында тұратын халықтар әдетте осындай әндерді орындайды", - деді The Spirit of Tengri фестивальі мен "Жұлдыз FM", Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев.

Сондай-ақ, The Spirit of Astana фестивалінің қонақтарын Венгриядан келген Motiva Zenekar тобы қуантады. Ол Астанаға түркі халқының мәдениетін әкелмекші. "Венгриядан сәлем! Motiva Zenekar тобының қатысушысы ретінде, мен сіздерді Астанада 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдында өтетін The Spirit of Astana фестиваліне қуана шақырамын. Венгрияның рухымен және музыкасымен рақаттаныңыздар", - деді венгр әншісі Ковач Нори.


Motiva Zenekar тобы

Айта кетейік, фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығады: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан).

Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry сауда желісі. Іс-шара Tez Tour туристік оператордың қолдауымен өтеді.

The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін. Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады.


The Spirit of Tengri - 2017

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети