06 маусым 2014 20:54

The Spirit of Tengri фестивалінде жаңа әуендер орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болот Байрышев пен "Белуха Jam" (Алтай). ©Нұрғиса Елеубеков Болот Байрышев пен "Белуха Jam" (Алтай). ©Нұрғиса Елеубеков

The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыканың халықаралық фестиваліне қатысушылар шара алдындағы өз ойларымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыканың халықаралық фестиваліне қатысушылар шара алдындағы өз ойларымен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл фестивальдің географиялық ауқымының кеңейгенін айта кету керек. Концертке 10 елден өнерпаздар қатысады. Қазақстанның атынан "Роксонаки", "Алдаспан", "Шарапат" топтары өнер көрсетсе, олармен бірге түркиялық Baba Zula, грузиялық The-Shin, Эквадордан келген Yaric-Ecuador, башқұртстандық "Арғымақ", бурятиялық "Намгар", қырғызстандық Gulzada, тывалық Саинхо Намчылак пен Радик Тюлюш, таулышориялық Чылтыс, алтайлық Болот Байрышев пен "Белуха Jam" тобы да өз әуендерін паш етеді. 

Фестивальдің бас директоры Мағауия Өмірбеков біздің дәуірімізден бұрын дүниеге келген әуендер тыңдармандардың қай-қайсысына да таңсық емес екенін айтты, орындаушылардың шығармашылығымен таныс емес адамдардың өзі оларды жатырқамай тыңдай алады, себебі халықтық музыка адамның жанына жақын.

Атақты әнші Саинхо Намчылак нидерландылық музыканттармен бірге өнер көрсетеді. Музыканттар әншіні үрмелі аспаппен және электр гитарамен сүйемелдейді. Бұл үштік Алматыға тува және ағылшын тілінде жазылған жаңа әндерін де әкелген.

Бүгін қатысушыларды таныстыруға арналған шарада олардың әрқайсысы бір-бір шығармадан орындады. Қазір өнерпаздар ертеңгі фестивальге қызу әзірленіп жатыр. Фестиваль кезінде электр домбыра және жаңа аспап - электр жетігеннің таныстырылатынын бұған дейін де хабарлағанбыз.

Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған The Spirit of Tengri фестивалі 7 маусым күні Республика сарайының алдында сағат 17.00-де басталады. Сахнаның алдына кіру тегін. Шараны ұйымдастырушы Tengri FM ұлттық радиосы , жобаның бас әріптесі - Kaspi Bank. Концерт Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы жылына орайластырылып отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети