25 ақпан 2014 16:39

XX ғасыр сазгерлерінің шығармалары орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Опера" театрының камералық оркестрі "Астана Опера" театрының камералық оркестрі

28 ақпанда "Астана Опера" театрының камералық залында "ХХ ғасыр сазгерлерінің шығармалары" атты концерт өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Коцертте өткен жүзжылдықтағы америкалық, батыстық және кеңестік сазгерлердің шығармалары орындалады. Көрермендер Моррикон, Бриттен, Прокофьев, Стравинский секілді әлемдік сазгерлердің және Сетеков, Мұхитдинов сынды қазақстандық музыканттардың шығармаларын тыңдай алады. "Астана Опера" театрында Америкалық мектептің өкілі Гершвиннің блюздік өңдеуде кеңінен танымал "Порги и Бесс" операсынан "Клараның бесік жыры" шығармасының классикалық нұсқасы орындалады. Музыкалық кеште "Астана Опера" театрының солистері Алмат Жайлаубаев, Елена Ганжа, Айсұлу Байкенова, Бағдат Әбілхановтар өнер көрсетеді. "Астана Опера" камералық оркестріне республикалық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзин дирижерлық жасайды. Музыкатанушы Сәуле Мәулетованың айтуынша, XX ғасыр музыкасы өте күрделі, көпқырлы болып келеді. Концертте аспап орындаушыларының да өнері айшықты көрініс таппақ. Концерттің басталуы: 19.30; билет бағасы 3 000 теңге.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети