25 тамыз 2014 12:30

"Абай" мен "Шәкәрім" сюиталары Карнеги-холда орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылдың 12 қарашасында Карнеги-холда (Нью-Йорк) "Абай" және "Шәкәрім" сюиталарының әлемдік премьерасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шығармаларды Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрі орындайды.


2014 жылдың 12 қарашасында Карнеги-холда (Нью-Йорк) "Абай" және "Шәкәрім" сюиталарының әлемдік премьерасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шығармаларды Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрі орындайды.

"Абай" және "Шәкәрім" шығармаларының авторы - ағылшын композиторы, Британ империясының Аса жоғары орденінің командоры Карл Дженкинс. Ол бұл туындыларды жазбас бұрын көшпенділердің музыкалық ортасын түсіну үшін және қазақтың халық аспаптарын зерттеу үшін Қазақстанға арнайы келіп кеткен. Әлемдік премьераға Карл Дженкинстің өзі дирижер ретінде қатысады.

"Қазақстандық оркестрдің орындауындағы "Абай" және "Шәкәрім" сюиталарының әлемдік премьерасы қазақ халқының мәдени мұрасын қазіргі заманғы музыка және орындау өнерінің тілімен жеткізеді", - дейді Алматы симфониялық оркестрінің атқарушы директоры Райхан Ескендірова.

Айта кетейік, Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрі 2012 жылдың қазан айында Орындаушылық өнердің І бүкіләлемдік конгресінде алғаш рет таныстырылды. Ұжым құрамында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары бар. Алматы симфониялық оркестрі әлем бойынша танымал брендке және Қазақстанның мәдени астанасының беткеұстар көрсеткішіне айналды. Оркестр соңғы бірнеше жыл ішінде әйгілі Abbey Road және Angels Studio студияларында 10-нан астам күйтабақ жазды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети