25 маусым 2015 15:34

"Алдаспан" тобы мен кубалық әнші "Ай, Мария!" әнімен әлемдік хит-шеруге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алдаспан" тобы мен Исаак Реал "Алдаспан" тобы мен Исаак Реал

"Алдаспан" тобы мен кубалық әнші Исаак Реалдың "Ай, Мария!" әні Кубадағы Radio Metropolitana хит-шеруіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алдаспан" тобы мен кубалық әнші Исаак Реалдың "Ай, Мария!" әні Кубадағы Radio Metropolitana хит-шеруіне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ай, Мария!" композициясы ритмикалық испан мотиві мен қазақтың ұлттық аспаптарының үйлесімінде туған. Ән екі тілде айтылады. "Әрине, қазақстандық тыңдарман үшін ән айтқым келеді. Өзімді осы елдің бір бөлшегі ретінде сезінемін. Мұнда мені жылы қарсы алғандарына риза болдым. Осы таңдалған бағытта ән айтқым келеді - ішінара испан, ішінара қазақ тілінде жазылған әндерді орындаймын", - дейді Куба әншісі.

Сонымен қатар, ол қазақтың танымал әні "Қаражорғаны" шырқағысы келеді екен. "Көпшілікке қазақтың дәстүрлі музыкасы мен латын-америкалық ритмдерінің үйлесімін ұсынғым келеді. Жұртты билететін әнге ритмикалық, энергиялық бейнебаян шығады. "Алдаспан" этно-тобының жігіттерімен бірге ән орындау маған үлкен тәжірибе берді. Қазіргі уақытта жүзеге асыратын ойларым мен жоспарларым бар", - деді Исаак Реал.

Айта кетейік, Исаак Реалдың Алматыда тұрып жатқанына бес жыл болды, ол "Қазақстан дауысы" музыкалық шоуына қатысқаннан кейін танымал бола түсті. "Алдаспан" тобы мен кубалық орындаушының әнін "Жұлдыз FM" радиостанциясынан тыңдауға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети