07 қыркүйек 2014 14:10

"Алматым - іңкәрім менің": Bad Boys Blue "Қызыл өрікті" айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ардақ Құлтай ©Ардақ Құлтай

XV рет өткен "Алматым - іңкәрім менің" музыкалық ретро-фестивалінде кеш қонағы - әйгілі Bad Boys Blue  тобы "Қызыл өрік" әнін шырқады, - деп хабарлайды Massaget.kz. Мерейтойлық фестивальге Ресейдің халық әртістері Николай Басков, Михаил Боярский және итальян әншісі Адриано Челентаноны айнытпай салатын Маурицио Швейцер де қонақ болды.


XV рет өткен "Алматым - іңкәрім менің" музыкалық ретро-фестивалінде кеш қонағы - әйгілі Bad Boys Blue  тобы "Қызыл өрік" әнін шырқады, - деп хабарлайды Massaget.kz. Мерейтойлық фестивальге Ресейдің халық әртістері Николай Басков, Михаил Боярский және итальян әншісі Адриано Челентаноны айнытпай салатын Маурицио Швейцер де қонақ болды.

Фестиваль жаңалығы аңызға айналған кинотуындылардың тақырыбында ән салу болды. Шараның музыкалық бағдарламасын Роза Рымбаева өзі түскен фильм "Қош бол, Медеу" әнімен ашты.

"Киноны қамтыдық, әртүрлі музыкалық фильмдерді айттық, ретро әндерді де бұл фестивальде көрерменге ұсындық. Енді осы күнгі, осы заманғы суреттерді, қалалық емес, ауылдағы өмірді қамту қызық болар еді. Әсіресе, осы тақырыптар біздің көрерменге қызық болады. Сол үшін келесі фестивальдерге тақырып іздейміз",- деді Роза Рымбаева журналистерге берген сұхбатында.

Әйгілі Адриано Челентаноны айнытпай салатын Маурицио Швейцер осы кештің жүргізушісі болған қазақстандық продюсер Баян Есентаевамен бірігіп ән айтты. Ресейдің "алтын дауысы" Николай Басков Дариға Назарбаевамен бірге "Опера елесі" мюзиклының әнін орындады.

Сахнаға ат мініп шыққан Михаил Боярский "Д’Артаньян және үш ноян" кинофильміндегі "Порадуемся" әнін және "Зеленоглазое такси" хитін тарту етті. Bad Boys Blue тобы "Аюми" тобымен бірге көрерменді "Қызыл өрікке" билетті.

"О..." салтанаты" деп аталған биылғы фестивальде Қазақстан музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың марапатталғанын айта кетейік. Статуэткалар фестивальдің тұрақты жүргізушілері Нағима Есқалиева мен Сағынай Абдуллинге, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегеновға, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға, "Дос-Мұқасан" ансамбліне және басқаларға берілді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети