29 шілде 2014 12:45

Әлішер Кәрімов: байқауда репертуарды өзгертпес едім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлішер Кәрімов. ©Newwavestars.eu Әлішер Кәрімов. ©Newwavestars.eu

"Новая волна-2014" халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысқан Әлішер Кәрімов Юрмаладан Алматыға оралған бойда Tengrinews.kz тілшісіне өз әсерімен бөлісті.


"Новая волна-2014" халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысқан Әлішер Кәрімов Юрмаладан Алматыға оралған бойда Tengrinews.kz тілшісіне өз әсерімен бөлісті.

Әнші Юрмала сахнасын бұрыннан армандағанын айтты. Жас ерекшелігі жағынан биыл Әлішердің оған қатысуға соңғы мүмкіндігі болатын. Байқауға 30 жасқа дейінгі орындаушылар қатысады.

"Байқауға қатысу маған ұнады. Маған байқаудың бас режиссері Александр Ревзиннің репетициялары ұнады. Кәсіпқойдың шеберлік дәрісінде болу керемет. Юрмала - көптен күткен тілегім. Тілегімнің жайдан-жай қалмай, орындалғанына қуаныштымын. ...Жасым асып кетпей тұрғанда байқауға барып келдім", - деді Кәрімов.

Әлішер байқауда 10-орын алған болатын. Байқаудың алғашқы сынында екінші орынды, екінші сынында төртінші орынды иеленді. Үшінші күні "Әрине" атты жаңа әнді орындаған кезде қазылар оған төмен ұпай берді. Көрермендер мен музыканттар сәтсіздіктің себебі репертуардың сәйкессіздігінен деп есептейді. 

"Үшінші күні орындаған әнімді аяқасты өзгертпеген болар едім. Иә, өз елінің хит әні байқауында менің әнімді өзгертті, бірақ қазір біреуді кінәлау - жақсы нәрсе емес. Татьяна Ширкомен орындаған әнім - жақсы ән. Ол маған ұнамаған болса, орындамас едім. Басында мен Анастасия Стоцкаямен ән салуым керек болды. Біз "Вены-реки" әнін орындауымыз тиіс еді. Ол - менің тембріме, ішкі әлеміме келмейтін ән. Мен бірден, кешіріңіздер, мен бұл әнді айтпаймын деп айттым", - деді Кәрімов.

Еске сала кетейік, "Новая волна-2014" байқауында бірінші орынды грузиялық Нуца Бузаладзе (228 балл) иеленген болатын. Екінші және үшінші орындар украиналық Виктория Петрик (226) пен Вячеслав Рыбиковке (224) бұйырды. Армениядан келген Сона Рубенян көрермендер көзайымы сыйлығының иегері атанды. Ал Алла Пугачеваның арнайы сыйлығы литвалық Моника Линките мен латвиялық Стас Шуринске бұйырды.

Әлішер Кәрімов байқаудың үшінші күнінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети