20 наурыз 2016 13:57

Әнші Нұрлан Абдуллин сайлау учаскесіне екі мәрте келуге мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық белгілі әнші Нұрлан Абдуллин мәслихат пен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында бірінші реттен дауыс бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық белгілі әнші Нұрлан Абдуллин мәслихат пен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында бірінші реттен дауыс бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейін музыканттың жеке куәліксіз келгені анықталды. Абдуллиннің айтуынша, жағдай ойламаған жерден болған, бірақ ол қалай да азаматтық парызын орындаймын деп шешті. Алайда Алматыдағы №48 мектепте орналасқан №388 сайлау учаскесінің қызметкерлері әншіге бюллетень бере алмады. Осыдан кейін Абдуллин кейінірек жеке куәлігімен келіп, дауыс беруді уәде етті.

Айта кетейік, шамамен бір сағат өткенде Абдуллин сайлау учаскесіне қайта келіп, дауыс берді.

Еске сала кетейік, бүгін, 20 наурызда Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталды. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.

Кампания аясында төменгі палатадан 107 депутат таңдалады, оның ішінде 98-і партия тізімі бойынша да, тағы тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан. Сайлауалды кезеңнің хронологиясымен мына сілтемеден танысуға болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети