12 шілде 2017 09:48

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесі аясында Астана қаласында Алматы облысының Мәдениет күндері басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен Суреттер Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Кеше Астана қаласында ЭКСПО Халықаралық көрмесінің аясында Алматы облысының мәдениет күндері басталды. Мәдениет күндері "Қазақстан" орталық концерт залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жəне "Алатау əуендері" өнер ұжымының "Жетісу - жұмақ мекенім" атты концертімен салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кеше Астана қаласында ЭКСПО Халықаралық көрмесінің аясында Алматы облысының мәдениет күндері басталды. Мәдениет күндері "Қазақстан" орталық концерт залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жəне "Алатау əуендері" өнер ұжымының "Жетісу - жұмақ мекенім" атты концертімен салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Алматы облысының əкімі Амандық Баталов, Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев, Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, ең алдымен зал фойесіндегі облыс суретшілері мен қолөнершілерінің көрмесімен танысты.

Концертте Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, "Алтынай" мемлекеттік халықтық би ансамблі, "Сазген", "Адырна", "Құлансаз" фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, "Талдықорған əуендері" ансамблі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртістері Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтар, Ұлжан Айнақұлова жəне басқа да əншілер өнер көрсетті. Мазмұнды шарадаЖетісудың бай өнері мен мəдениеті, көпэтносты халқының бірлігіпаш етіліп, "ЭКСПО" көрмесіне арнайы жазылған "EXPO мереке" əні мен "EXPO" биі де көрермендер назарына ұсынылды.

Жалпы Алматы облысының Астанадағы Мәдениет күндеріне Жетісу өңірінен 400-ге жуық әртістер, суретшілер, спортшылар, қолөнер шеберлері және басқа да өнер иелері келген.

Айта кетейік, мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Жетісу аймағы астаналықтарды түрлі театрлық қойылымдарымен, концерттерімен, қолөнер және суретшілер көрмелерімен, спорттық жарыстарымен қуантатын болады.

Еске салайық, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, биыл 11-15 шілде аралығында елордада Алматы облысы Мәдениет күндері өтеді. Мәдениет мекемелерінің ұжымы және қолөнер шеберлері арнайы ЭКСПО қонақтарына өз туындыларын тарту етеді. Осы мақсатта елордаға дайындық үшін Б. Римова атындағы театр, Сүйінбай атындағы филормония, М. Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, қолданбалы өнер шеберлері мен "Алатау әуендері" концерттік ұйымы келді. Сондай-ақ, қонақтарға кештің бағдарламасы ұсынылған еді.


Суреттер Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети