05 маусым 2015 22:42

Батырхан Шүкеновке МУЗ-ТВ жүлдесінің арнайы сыйлығы арналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада "Қазақстан мен Ресейдің музыкалық индустриясының дамуына үлес қосқаны үшін" Батырхан Шүкеновке МУЗ-ТВ жүлдесінің арнайы сыйлығы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада "Қазақстан мен Ресейдің музыкалық индустриясының дамуына үлес қосқаны үшін" Батырхан Шүкеновке МУЗ-ТВ жүлдесінің арнайы сыйлығы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Одан айырылу оңай тиген жоқ және бұған сенгіміз келмейді. Біз оның жарқын бейнесін, қайырымды және көңілді адам екенін мәңгілік есте сақтаймыз. Біз Батырға арнайы аталымды арнамақпыз", - деді салтанатты шара жүргізушісі Максим Галкин.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің қолынан сыйлықты Батырхан Шүкеновтің ағасы Бауыржан Шүкенов қабылдады. "Әрине, ол қазір бізбен бірге болса және жүлдені өзі алса керемет болар еді", - деді Бауыржан Шүкенов.

Сонымен қатар, "МУЗ-ТВ-2015. Гравитация" жүлдесінде әртістер Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған номер арнады. Айта кетейік, Батырхан Шүкенов 29 сәуірде Мәскеуде қайтыс болды. Салтанатты шарада қазақстандық және ресейлік әртістер "А'Студио" тобымен бірігіп, оның әндерін орындады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети