28 қазан 2015 15:45

Батырхан Шүкеновтің жаңа альбомына тек қазақ тіліндегі әндер кіретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Батырхан Шүкеновтің "Аманат" атты әнжинағының қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

Байқановтың мәлімдеуінше, таныстырылым 20 қарашаға белгіленген. Әнжинаққа әншінің тек қазақ тіліндегі 10 әні кіреді.

"Қымбатты достар! Батырхан Шүкенов атындағы қор "Аманат" атты қазақ тіліндегі әнжинақтың шығуына қаржылай көмек көрсеткен Зейнолла Кәкімжановқа, Марғұлан Сейсембаевқа, Еркін Тәтішевке алғыс айтады. Жаңа әнжинаққа бұрын жарыққа шықпаған 10 ән кіреді. Әнжинақтың таныстырылымы Алматыда 20 қарашаға белгіленді. Орыс тіліндегі үш әнжинақ кезекте тұр", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнжинақтың жыл соңына дейін шығатыны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети