19 тамыз 2015 17:27

Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны 24 тамызда шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаянының таныстырылымы 24 тамызда "Гәкку" музыкалық телеарнасында болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның жақын досы әрі экс-директоры Олжас Байқановқа сілтеме жасап.


Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаянының таныстырылымы 24 тамызда "Гәкку" музыкалық телеарнасында болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның жақын досы әрі экс-директоры Олжас Байқановқа сілтеме жасап.

Бейнебаянды 2015 жылдың мамырында ашылған Батырхан Шүкенов атындағы қор түсірді. Айта кетейік, оның туған ағасы Бауыржан Шүкенов осыған дейін отбасының орындаушының ел естімеген әндерін шығаратынын, сонымен қатар, бірнеше видео жұмысын ұсынғысы келетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, Батырхан Шүкеновтің атындағы қор Қазақстанның музыкалық білім беру мекемелерінде шәкіртақылар тағайындауды жоспарлап отыр. Қордың жоспарында Батырхан Шүкенов атындағы мәдени орталық құрылысы бар, онда мектеп-студия, осы заманғы сахналық, жарық және дабыс құрылғысы бар концерт залы әрі продюсерлік орталық жұмыс істейтін болады. Жоспар бойынша, орталықта музейі және видеокафесі бар мемориалдық кешен жұмыс істейді, онда Батырхан Шүкеновтің видео- және аудиожазбаларын көріп, тыңдауға болады.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети