05 мамыр 2014 19:16

Байғали Серкебаевтың қатты ауырып жатқаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байғали Серкебаев. ©tengrinews.kz Байғали Серкебаев. ©tengrinews.kz

Белгілі композитор Ренат Гайсин А'Studio тобының негізін қалаған Байғали Серкебаевтың қатты науқастанып қалғанын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі композитор Ренат Гайсин А'Studio тобының негізін қалаған Байғали Серкебаевтың қатты науқастанып қалғанын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған бәрі таң атпай хабарласты. "Мұның бәрі" сары басылымдардың ісі, оған назар аударудың керегі жоқ. Мен онымен күндіз ғана сөйлестім, оның жағдайы жақсы, ешқандай ауруы жоқ, ешқайда кетпейді де, денсаулығы дұрыс. Ол қазір Мәскеуде. А'Studio тобы жақында жеке концертін береді, олар соған дайындалып жатыр", - деді Ренат Гайсин.

Еске сала кетейік, бірқатар ресейлік және қазақстандық басылымдар 55 жастағы Байғали Серкебаевты қатты ауырып жатыр деп хабарлаған болатын. Оның асқазанында проблема бар секілді. Басылымдардың мәлімдеуінше, емделу үшін оған шетелге ұшу қажет болған.

Айта кетейік, 16 сәуірде Алматыда А'Studio тобының және Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін симфониялық оркестірдің концерті өткен болатын. Концертте симфониялық үнмен топтың әндері орындалған. Арнайы осы шараға симфониялық оркестрға әуенді Байғалидің ағасы Алмас Серкебаев жазған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети