30 сәуір 2015 11:26

Белсенділер Алматыда Батырхан Шүкеновтің ескерткішін қоюды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батырхан Шүкенов. © Айжан Түгелбаева Батырхан Шүкенов. © Айжан Түгелбаева

Әлеуметтік желінің қолданушылары Алматыда еңбек сіңірген қайраткер Батырхан Шүкеновтің ескерткішін қоюды ұсынды, - деп хабарлайды, - Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желінің қолданушылары Алматыда еңбек сіңірген қайраткер Батырхан Шүкеновтің ескерткішін қоюды ұсынды, - деп хабарлайды, - Tengrinews.kz тілшісі.

Бастамашылар қол жинап, қалалық әкімдікке жолдауды көздеп отыр. Белсенділер Көктөбе тауын ескерткішті орнату орны ретінде ұсынды, ол жерде қазір атақты The Beatles тобының ескерткіші тұр.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 29 сәуірге қараған түні жүрек талмасынан Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әнші соңғы кездері денсаулығының мәз емесін айтып жүрген. Орындаушының директоры Олжас Байқановтың айтуынша, Батырхан Шүкенов "Один в один" шоуының дайындығынан кейін үйіне барған, сол жерде өзін нашар сезініпті. Музыкант өзіне жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Шүкеновтің өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт күресті, ол бірнеше рет есін жиғанымен оны құтқару мүмкін болмаған.

Айта кетейік, Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында (Қалдаяқов көшесі, 35) Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда сағат 10.00-де өтеді. Әнші қаза болған күні оның тыңдармандары Астана мен Алматыда жиналып, оны еске алды. Астанада мыңдаған адам Жағалаудағы Кенесары ескерткішінің жанына жиналса, Алматыда Республика Сарайының алдына жиналған халық гүл шоқтарын қойып, талантты музыканттың әндерін шырқады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети