17 қазан 2015 09:51

Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуының үшінші кезеңіне өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биназир Ермағанбетова Биназир Ермағанбетова

Қарағандылық Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуының үшінші кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандылық Биназир Ермағанбетова "Голос" шоуының үшінші кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шоудың екінші кезеңінде ол конкурсант Раффи Григорянмен бірге Coolio ft. L.V дуэтінің Gangsta's Paradise композициясын орындады. Айта кетейік, Биназир сахнаға жаңа образда шықты. Команданың жетекшісі Баста Биназирді шоуда қалдыруға шешім қабылдады. Мобильді қосымша арқылы дауыс берген көрермендердің 66 пайызы Бастаның шешімімен келісті.

Жетекшілердің бірі Александр Градский конкурсанттар алдына қойылған міндеттердің күрделі екенін, дегенмен бұл дуэттің тапсырманы ойдағыдай орындағанын айтты. Сонымен қатар, ол бірнеше кеңес берді.

Биназирдің көрмей тыңдау кезіндегі қойылымы

Биназир бала кезінен ән айтады. Дегенмен оның кәсіби білімі жоқ. Ол бес жыл бойы домбыра үйрену курсына қатысқан, сонымен қатар гитарада да ойнайды. Биназир Букетов атындағы ҚарГУ түлегі. Ол жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Медакомпанияда қызмет етеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети