08 сәуір 2017 22:08

Димаш Құдайберген финалдың бірінші кезеңінде өнер көрсетті - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a Singer байқауының финалына қатысып, бірінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық әнші бүгін Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындады.


Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a Singer байқауының финалына қатысып, бірінші кезеңінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық әнші бүгін Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындады.

Бүгін, 8 cәуірде финалдың бірінші күні өтті. Финалдың бірінші кезеңіне 10 орындаушы қатысты, олардың ішінде Димаш Құдайберген де бар. Біздің отандасымыз келесі кезеңге өткен үздік сегіз орындаушының қатарына кірді. Айта кетейік, байқау жеңімпазының есімі бір аптадан соң 15 сәуірде белгілі болады.

"Бүгінгі өнерім бастысы Сіздердің көңілдеріңізден шықты деп ойлаймын! Әннің аранжировкасын жазған @erlanbekchurin досыма үлкен раxмет! Алда #IAmSinger жобасының соңғы айналымы - финал(екі финалдық сайыстың ұпайы бірге қосылып жария болады)! Көріскенше! Жақсы көремін!!! Бүгінгі өнерім бастысы Сіздердің көңілдеріңізден шықты деп ойлаймын! Әннің аранжировкасын жазған @erlanbekchurin досыма үлкен раxмет! Алда #IAmSinger жобасының соңғы айналымы - финал(екі финалдық сайыстың ұпайы бірге қосылып жария болады)! Көріскенше! Жақсы көремін!!!", - деп жазды Димаш Құдайберген финалдың бірінші кезеңінен кейін Instagram желісіндегі парақшасында.

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

 Айта кетейік, 4 сәуірде Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети