15 ақпан 2017 20:13

Димаш Құдайберген келесі кезеңде өзіне жат стильдегі әнді орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мassaget.kz © Мassaget.kz

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының келесі кезеңінде өзі бұрын соңды орындап көрмеген жаңа стильде ән айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, ол келесі кезеңде Бруно Марстың "Uptown Funk" әнін орындайды.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының келесі кезеңінде өзі бұрын соңды орындап көрмеген жаңа стильде ән айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, ол келесі кезеңде Бруно Марстың "Uptown Funk" әнін орындайды.

"Осы аптада Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен - бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазды жас әнші өзінің Іnstagram желісіндегі парақшасында. 

"Uptown Funk" (UpTown Funk!) - ұлыбританиялық әнші әрі автор Марк Ронсонның және америкалық әнші Бруно Марстың туындысы. Ән 2014 жылы 10 қарашада жарық көрген. Youtube желісінде бұл әнге түсірілген клипті екі миллиардтан аса адам қараған. 

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жас әнші туралы өз пікірін білдіріп, табыс тіледі.

"Димаш Құдайберген белгілі әншілер отбасынан шыққан аса дарынды музыкант, бүкіл әлемге танымал болды. Өнер мансабын табысты болсын, бауырым!", - деді Тоқаев Тwitter желісіндегі өзінің парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының үшінші кезеңінде үшінші орын алған еді. "Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазған еді әншінің өкілі. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін оры

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети