09 ақпан 2017 21:38

Димаш Құдайберген Қытайдағы танымал жұлдыздардың рейтингінде бірінші орында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Қытайдағы танымал жұлдыздардың рейтингінде бірінші орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Димаш Құдайберген Қытайдағы танымал жұлдыздардың рейтингінде бірінші орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шәрімов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қытайда әр апта сайын жұлдыздардың (тек әншілер емес, актер, жүргізуші т.б) танымалдылық рейтингісі жарияланады. Ғаламторда есімдерінің көп пайдалануы, ғаламтордағы іздеуі бойынша, әртістің видеоларының көрсетілімі бойынша, телеарнадағы рейтинг т.б есептелінеді. Назарларыңызға осы аптадағы Қытай танымал жұлдыздарының Топ 10-ы: Димаш @kudaibergenov.dimash екінші апта қатарынан 1 орында!", - деп жазған әншінің PR-директоры. 

Айта кетейік, әнші қазіргі уақытта I Am a Singer шоуына қатысып жатыр. Димаш Құдайберген төртінші кезеңге өткен болатын.

Ал үшінші кезеңде әнші аты аңызға айналған Queen тобының The Show Must Go On әнін орындаған еді. Ал екінші кезеңде Құдайберген есейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети