09 сәуір 2017 18:04

Димаш Құдайберген тағы бір номинацияға ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Іnstagram © Іnstagram

Димаш Құдайберген Қытайдың Шеньжень қаласында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясына ұсынылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Димаш Құдайберген Қытайдың Шеньжень қаласында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясына ұсынылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Shenzhen қаласы "17th Top China Awards" - тың ресми кілемінен өттім. Бүгін "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясынан үміттімін! Мені қолдап келген барша құрметті жанкүйерлерім, Dears, Сіздерге мың раxмет!!! ❤️", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

 

 

 

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

 Айта кетейік, 4 сәуірде Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети