27 маусым 2017 21:44

Димаш Құдайбергеннің әкесі Астанадағы концертке Орбакайтенің неге шақырылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Димаш Құдайбергеннің әкесі Астанадағы концертке ресейлік әнші Кристина Орбакайтенің неге шақырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Димаш Құдайбергеннің әкесі Астанадағы концертке ресейлік әнші Кристина Орбакайтенің неге шақырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тимур Бекмәмбетовтің "Ирония судьбы" фильмінің саундтрегі "Опять метель" әнін бүгін Димаш пен Кристина Орбакайте дуэт болып орындайды. Бұл ән барлығымыздың сүйікті туындымызға айналды, себебі осы әнмен Димаш "Славян базарында" жеңіске жеткен. Арасында бір байланыс бар, Орбакайте - осы әнді бірінші болып орындаған, дәл осы композиция арқылы Димаш бірінші жүлдесін алды. Сондықтан шығармашылық ұжымда талқылай отырып, концертке Кристина Орбакайтені шақырып, осындай дуэт орындауды ұйғардық", - деді Қанат Айтбаев концерт қарсаңындағы баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің алғашқы үлкен концертінде шведтің танымал әншісі Лорин (Loreen), қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы және басқа да әншілер қатысады. Димаш Құдайбергеннің концерті "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети