28 қаңтар 2017 21:42

Димаш Құдайбергенов екінші кезеңде де жеңімпаз атанды - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергенов © instagram.com/asharimov Димаш Құдайбергенов © instagram.com/asharimov

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растады.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растады.

Жалғасы

Әнші бұл кезеңде ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындады.

Сондай-ақ, видеодағы кадрлардан Димаш Құдайбергеновтің әкесі - Қанат Айтбаевтың ұлын құшақтап, құттықтағаны көрінеді. Барлық тыңдарман әншінің өнеріне тәнті болып, қошемет көрсетіп жатыр.

"Тағы да, Сүйінші! Жеңіс қолда, ағайын! Димаш қойылған тапсырманы 100% орындады. Халық бірінші орын берді. Димаш "қазақтың Витасы" емес, "қазақтың Димашы" екенін дәлелдеді! Бұл екінші жарыс күні! Алда, әлі талай сын бар!.. ", - деп жазды Шаримов Instagram желісінде.

Ал Youtube хостингінде әншінің "Опера 2" атты туындысын орындаған видеосы пайда болды. 


© Dinmukhamed Ziyadin


© instagram.com/asharimov


© Tengrinews.kz / Алпамыс Шаримов

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұраған болатын. Оның айтуынша, ресейлік әнші Витаспен салыстыратындар көп. "Қайырлы кеш, Достар! Қазақтың Витасы", "Витас сиақты айтады", "Екінші Витас" деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..", - деп жазған еді әнші. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы конкурсқа қатысу үшін имиджін өзгертіпті. "Димаштың имиджін өзгерттік. Осындай "лук". Бұл The voice емес, бұл атақты әрі өнер жолында танылып үлгерген әншілердің конкурсы", - деген еді мұның алдында әншінің продюсері Шаримов. Айтуынша, I Am a Singer конкурсының бесінші маусымы қытайдың рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасында таратылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети