22 қаңтар 2017 10:08

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer конкурсының бірінші кезеңінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсын қатысып, телешоудың бірінші конкурс күнінің жеңімпазы болды. Айта кетейік, конкурста 14 кезең бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің досы әрі менеджері Алмапыс Шаримов хабарлады.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсын қатысып, телешоудың бірінші конкурс күнінің жеңімпазы болды. Айта кетейік, конкурста 14 кезең бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің досы әрі менеджері Алмапыс Шаримов хабарлады.

Жалғасы

22 жастағы әнші SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындады. Димаш қатысушылардың ішінде ең жасы. Оны конкурсқа ұйымдастырушылар шақырыпты.

Шаримовтың айтуынша, Құдайбергенов жайлы көптеген жергілікті басылымдар мақала жариялаған. Ал қытайлық жанкүйерлер Желіде "Қытай қазақтарға таңғалып жатыр" делінген мемдерді таратып жатыр екен.

Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы конкурсқа қатысу үшін имиджін өзгертіпті. "Димаштың имиджін өзгерттік. Осындай "лук". Бұл The voice емес, бұл атақты әрі өнер жолына аяқ басқан әншілердің конкурсы", - деген еді мұның алдында Шаримов. Айтуынша, I Am a Singer конкурсының бесінші маусымы қытайдың рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасында таратылады.

Сонымен қатар, әншінің өзі телеарнаның постерін де жариялады. "Қыран бүркіт, киелі домбыра, тұлпар, қасиетті Алланың үйі, ұлттық ою - Хунан тв арнасы осылайша менің болмысым, тыныс-тіршілігімді мына постерде бейнелеген екен!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі папақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенов бұл шоу жайында айтып берген болатын. "Кеше Қытай телеарналары бас қосқан медиа конференцияда сұрақтарға жауап бердім. Әр журналисттің көкейінде "Қазақстаннан қалай келдің? Сен кімсің? Қазақ қалай ән айтады?" тектес сұрақтар толып тұрды... #TheSinger жобасының биыл бесінші маусымы. Өткен маусымда Оскар марапат жүлдесінде өнер көрсетіп, шығыс пен батысты әнімен байланыстырып жүрген Коко Ли жеңіске жетті. Қарсыластарым да биылғы осал емес. "China music world", "MTV awards" т.б мықты марапаттардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі әншілер.
Бұл байқаудың ерекшелігі - тек саxнада ән айтып қана қоймай, өмірлік жағдайын үнемі камера бақылауында. Жоғарыдағы сұрақтардың жауабы расымен де әр журналисттің көкейінде жүрген шығар. Ертең 21 қаңтар күні эфирді кешкілік Хунан Тв арнасынан тамашалай аласыздар. Отандастарым үшін екінші күні YouTube видеопорталына толық нұсқасы жария болады. Үлкен сериалдың бұл тек бірінші бөлімі. Қалай өтетіні, аспан асты елінің мені қалай қабылдайтыны әлі де өзіме жұмбақ! Эфирден кейінгі ойларыңызды білуге асықпын!", - деп жазған еді ол Instagram желісіндегі жазбасында.

Уикипедия мәліметі бойынша, I Am a Singer музыкалық конкурсы корейдің танымал реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Оған жеті танымал музыкант қатысады, олардың әрқайсысы әлемдік жүлде алған. Әр аптада бір қатысушы шығып қалып, орнына жаңа орындаушы қосылып отырады. Жеңімпазды аудитория таңдайды.

Димаш Құдайбергенов Витебскіде өткен "Славян базары 2015" конкурсының бас жүлдесін алған. Қаңтар айының басында ол ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети