30 қаңтар 2017 09:51

Димаш Құдайбергеновтің балалық шағына саяхат: Сөйлейтін суреттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobegazeti.kz © aktobegazeti.kz

Ақтөбелік 22 жастағы Димаш Құдайбергенов Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I Am a Singer байқауының алғашқы екі кезеңінде де жеңіске жетіп, қытайлықтардың сүйікті әншісі болды. "Ақтөбе газеті" орындаушының тыңдармандарына тосынсый жасап, Димаш Құдайбергеновтың балалық шақтағы суреттерін ұсынады.


Ақтөбелік 22 жастағы Димаш Құдайбергенов Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I Am a Singer байқауының алғашқы екі кезеңінде де жеңіске жетіп, қытайлықтардың сүйікті әншісі болды. "Ақтөбе газеті" орындаушының тыңдармандарына тосынсый жасап, Димаш Құдайбергеновтың балалық шақтағы суреттерін ұсынады.

Айта кетейік, әншінің ата-анасы - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Қанат пен Света Айтбаевтар. Димаш алғаш рет сахнаға спектальде ойнағанда шыққан екен. Болашақ жұлдыз бес жасында балаларға арналған музыкалық студияның фортепиано және вокал сыныбында оқыған. Алғаш әнін музыкалық колледждің сахнасында ойнаған екен. Ал алты жасында Димаш "Фортепиано" номинациясы бойынша "Айналайын" республикалық байқауының лауреаты атанса, 10 жасында облыстық іс-шараларда жүргізуші болған.

"Үйде бір пианино тұратын. Димаш сонымен дайындалатын. Бірақ пианиноны басқа бір жерге көшіретін болсаң, оны қайта баптау керек болатын. Осылайша, аспапты баптау үшін маман үнемі іздейтінбіз. Бірде пианиноны басқа жаққа көшірген соң, ол жөнді істемей қалды. Димаш үнемі сол пианинода ойнап, дайындалатын. Содан студиядағы сабақтардың бірінде Димаш оқытушысына барып "Үйімде тұрған пианино маған мүлде ұнамайды, басым ауырып кетеді" деп айтқан. Сонда Димаш небәрі 5 жаста ғой. Сол кездің өзінде ол инструменттің ақауы бар екенін аңғарған", - деп еске алады Димаштың анасы Светлана Айтбаева.


© aktobegazeti.kz

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергенов телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр.

Айта кетейік, Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты кеше, 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталған болатын. Универсиаданың бүгінгі аңдатпасын мына жерден оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети