24 маусым 2017 18:45

Елордада The Spirit of Astana фестивалінің екінші күні басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан астанасында The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінің екінші күні басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музыкалық шара "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясы Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр.


Қазақстан астанасында The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалінің екінші күні басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музыкалық шара "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясы Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр.

Фестивальдің екінші күнінде венгр музыканттары - Motiva zenekar тобы өнер көрсетті. Олар Қазақстанға елордалық тыңдармандарды өздерінің скрипкамен және барабанмен орындалған әндерімен қуантуға келді.

Венгр тобының солисінің даусы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер қалдырды.

"The Spirit of Tengri фестиваліміз бесінші рет өтті, мұның ендігі мемлекеттік жоба екендігін сездік. Сондықтан осы мерейтойды Астанада атап өтетініміздің өзіндік нышаны бар. Елордаға жетіп, қала әкімдігімен бірлесіп, арнайы бағдарлама жасадық. Осы күндері EXPO-2017 өтеді, мұнда көптеген қонақ келеді. Оларға біздің фестиваль де ұнайды деп сенемін", - деген еді осыған дейін The Spirit of Tengri фестивалінің және "Жұлдыз FM" мен Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев.

Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry сауда желісі.

Биыл фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығып отыр: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан).

Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады.

Кеше фестивальдің бірінші күні өткен болатын.Фестиваль көмеймен ән айтушылар ұжымының өнерімен басталды. Кейін астаналық тыңдармандар "Барабаны Алматы" тобының өнерін тамашалап, Namgar-дың әсем вокалын тыңдаған болатын.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети