08 қаңтар 2018 11:33

"Есіңді жи!" Төреғали Төреәлінің музыкалық продюсері әншімен жұмыс істеуден неге бас тартқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымаш әнші Төреғали Төреәлінің музыкалық продюсері Жан Мұқанов әншімен жұмыс істеуден неге бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымаш әнші Төреғали Төреәлінің музыкалық продюсері Жан Мұқанов әншімен жұмыс істеуден неге бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Telegram желісіндегі арнасында жазды. Оның айтуынша, әншінің әкесінің оған былапыт сөз айтқан кездері де болыпты. 

"Ішкі мәселені жұртқа жаймаймыз деп келіскен едік. Бірақ соңғы уақытта айтылып жатқан қауесеттер мен таныс адамдардан естіген әңгімелер оның (Төреғали Төреәлі - Авт.) мені, өз "бауырын" жамандап, осы келісімді сақтамағанын білдім. Мен үндемеген сайын оның айтқаны шындықтай көрініп жатыр. Бірақ оныкі дұрыс емес!", - дейді ол.

Сонымен қатар, Жан Мұқанов әншімен 2015 жылы "Жігіттер" тобының концертінде танысқанын айтады. Сол кезде әнші өте қарапайым, қайырымды, ар-ұяты бар, мәдениетті жігіт болатын. Продюсер Республика Сарайында тұңғыш жеке концертін өткізу туралы ұсыныс алып, көп ойланбастан келісім беріпті. 

"Концертті "Ұлы дала баласы" деп атауды ұсынғанымда әкесі жұрт дұрыс түсінбей қалар деп қарсы шықты. Мен көндірдім, содан бері бұл сөз оған қатысты айтылатын болды. Міне, жеке концерті тамаша өтті. Кейін мега жобалар, концерттер өтті, стилімен, имиджімен жұмыс істей бастадық, оны дамыту бойынша көптеген іс атқарылды. Шын мәнінде осы әртіспен мақтанатынмын. Екі жыл ішінде оның қарапайым, танылмаған әншінің ең танымал адамға айналғанын атап өтейін. Гонорары да өсті. Бастапқыда 200-500 доллар болса, бір жыл ішінде бұл сома 8 мың долларға жетті", - деп жазды Жан Мұқанов.

Оның айтуынша, 2018 жылға түрлі тележоба жоспарланған, тіпті шетелде де өнер көрсету ойы болыпты. "Ұлы дала баласы. Әлем" реалити шоуы 7 елде өтіп, осы елдердің ең танымал әншілерімен дуэт орындау да алған қойылған мақсаттардың бірі болыпты. 

Мұнымен қатар, Мұқанов Төрғалидің барлық бес концертін өз қалтасынан қаражат шығарып, өткізгенін мәлімдейді. 

"Әкесінің мінезін бәрі біледі, осы жылдар бойы бірге жұмыс істеген мен артығырақ білемін. Сондықтан бастапқыда концерт істеріне ол араласпайды деп келістік. Қонақ болып келіп, сол күйі кетіп жүрді. Концерттің бес күнінде 15 мың билет сатуымыз қажет еді, амал не, 3 500-дей ғанасы өтті. Шығынға батқанымды ұқтым. Менде ақша болмады, қыруар ақша қажет болып, мен Төреғалиден болашаққа 10 немесе 15 рет өнер көрсетуінен түскен қаражатты сұрадым. Сөйтіп, жұмсалған ақшаны қайтарғым келді. Бірақ "Жоқ, бұл сенің проблемаң, Жан" деген жауап естідім", - деп жазды продюсер.

Айтуынша, Төреғали Төреәлі үйлену тойынан кейін жоспарланған Дубайға бара алмай қалыпты. Онда әйеліне арнап клип түсіріледі деген де келісім болған екен. "Ал той кезінде ақшам болмай, әкесінен сұрадым. Ол маған былапыт сөз айтты. Өз әкемнен естімеген сөздер. (...) Есін жиып, жасалған шаруаны соңына дейін жеткізеді деп үміттенемін! Көп күш жұмсалды, жүйке тозды, жұмсалған ақша мен ұйқысыз түніміз көп болды. Есіңді жи, Төреғали! Бар қызық алда! Жасың бар болғаны 25-те", - дейді ол.

Еске салайық, 21 желтоқсанда Төреғали Төреәлі Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында "Айхай-25" атты ән кешін өткізген болатын. Концерт кезінде көрермендердің бірі өзін Қызылордадан келгенін айтып, әншіден суретке түсе бермей, ән айтуы керектігін ұрысып айтқан. Сахнада тұрған Төреғалидің жауабы қалың жұртшылыққа ұнамаған болатын. Келесі күні әнші Іnstagram-да тікелей эфирге шығып, жазылушыларынан кешірім сұраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети