22 наурыз 2017 09:06

Француз телеарнасы Димаш Құдайберген феномені жайлы репортаж жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франциялық мемлекеттік France 2 телеарнасы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің феномені туралы репортаж жасады. Сюжет Францияның таңғы телеаудиториясының 40 пайызын қамтитын Telematin бағдарламасында көрсетілді. 


Франциялық мемлекеттік France 2 телеарнасы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің феномені туралы репортаж жасады. Сюжет Францияның таңғы телеаудиториясының 40 пайызын қамтитын Telematin бағдарламасында көрсетілді. 

Бағдарлама орыс тіліндегі субтитрлерімен YouTube хостингінде пайда болды. Бағдарлама жүргізушілері шалғайдағы Қазақстаннан шыққан жас әншінің Қытайдағы ән байқауына қатысып, әлемде танымал болғаны жайлы айтады. 

"Бір қызығы, ол қытай тілінде сөйлемейді, бірақ өте танымал. Оның сұмдық танымалдығының негізгі себебі Қытайдағы дамыған әлеуметтік желілер. Телевизия мен әлеуметтік желілер оны жұлдызға айналдырды", - дейді жүргізуші. 

"Димаш - қазақ, ол қытай тілінде бірде-бір сөз сөйлемейді, бірақ оның Weibo желісінде 3 миллионнан аса тыңдарманы бар. Оның видеосы қытай әлеуметтік желілерінде 1,5 миллиард рет қаралған", - делінеді сюжетте.

Айта кетейік, осыған дейін де Димаш Құдайберген жайлы франциялық БАҚ-тар мақалалар жариялаған болатын. Мәселен, франциялық Le Monde беделді басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялап, оның тез танымал болуының себептеріне үңілген еді.

Еске салайық, қазіргі уақытта Димаш Құдайберген I Am a Singer шоуының финалына жетті. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети