02 шілде 2015 14:58

Ғалымжан Молданазар америкалық топпен бірге түсірген бейнебаянын жарыққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымжан Молданазар. © Жеке мұрағат Ғалымжан Молданазар. © Жеке мұрағат

Қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар америкалық белгілі Break of Reality тобымен бірге "Ақпен бірге" әніне бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар америкалық белгілі Break of Reality тобымен бірге "Ақпен бірге" әніне бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық Break of Reality рок-виолончельшілер тобы Қазақстанда алғаш рет 2015 жылдың наурызында Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияда өнер көрсеткен. Олар Қазақстан эстрадасында электропоп және синт-фанк жанрларында ән шырқап жүрген Ғалымжан Молданазармен сол кезде танысқан.

Осыдан кейін қазақстандық әнші мен Break of Reality Нью-Йорк қаласындағы алаңдардың бірінде бірге ән салды. Концертке АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандықтар да қатысты. Олардың ішінде фотограф Қанат Бейсекеев те болды. Ол концерттен алған әсерін былай жеткізді: "Бұл шынымен де мақтануға тұрарлық үлкен жаңалық. Мен Нью-Йорк залында Ғалымжанға деген қошеметтің куәсі болдым. Адамдардың оны видеоға түсіріп, америкалық топтың біздің жерлесімізбен мақтанғанын көрдім. Бұл бағалауға тұрарлық еңбек", - деді ол.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети