23 желтоқсан 2014 10:45

Қайрат Нұртас Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас. ©Роза Есенқұлова Қайрат Нұртас. ©Роза Есенқұлова

Әнші Қайрат Нұртас КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді. Бұл туралы ол "Лада" порталына берген сұхбатында айтты.


Әнші Қайрат Нұртас КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді. Бұл туралы ол "Лада" порталына берген сұхбатында айтты.

"Білесіз бе, ол кісінің мені танитынының өзіне қуаныштымын. Әркімнің өз пікірі бар. Неше түрлі жағдай болады. Мен оның сөздеріне өкпелемеймін. Керісінше, ол кісіні анамдай көремін. Оны шексіз құрметтеймін", - деді ол "Сіз Бибігүл Төлегенованың сынына қалай қарадыңыз?" деген сауалға.

Сұхбат барысында Қайрат Нұртас келешекте немен айналысқысы келетінін де айтты. "Есейгенде өзімді саясатта сынап көргім келеді", - деді ол. Әнші өзіне еліктейтін жастарға қалыпты жайт деп қарайтынын айтты, себебі бір кездері оның өзі де Мейрамбек Бесбаевқа ұқсауға тырысыпты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін республикалық басылымдардың біріне берген сұхбатында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты дарынсыздығы үшін сынап, қазіргі эстрадада сол сияқты "біркүндік жұлдыздардың" толып кеткенін айтқан еді. "Бұл бала туралы сіз маған тіпті ештеңе айтпаңыз! Мен оны тыңдамаймын және мойындамаймын. Бұл өнер емес – бұзылғандық! Ол тек қана жастарды бүлдіреді, жалғыз ғана айта алатыным, эстрадада болып жатқан нәрсенің барлығы - мына трам-тарарам, оның үстіне, ешқандай білімі жоқтар. Кәсіпқойлар мені қолдайды деп ойлаймын, біз үшін мұндай орындаушылар жоқ", - деді әйгілі әнші. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети