09 қазан 2017 21:43

Қайрат Нұртас фильмнің таныстырылымына әйелімен бірге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш рет ел алдына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш рет ел алдына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдікәрімова Қайрат Нұртас түскен "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымына келген. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіне жүктеген суретте Қайрат Нұртас, әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, продюсердің өзі және Нұртас Айдарбеков бар. 

"Ал енді басталды, жерге таяқ тасталды! Бізге сәттілік тілесеңіздер", - деп жазды продюсер.

 

 

Айта кетейік, мұның алдында белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімова есімді келінінің барын растаған болатын. Ал таяуда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова түскен бейнебаян жарыққа шыққан еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети