10 шілде 2015 09:42

Қайрат Нұртас "Муз-ТВ" жүлдесі жайлы пікірін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.meloman.kz ©news.meloman.kz

Қайрат Нұртас "Муз-ТВ" жүлдесі жайлы пікірін бөлісті. Бұл туралы ол "Свобода Слова" газетіне берген сұхбатында айтты. Еске салайық, әнші таяуда жүлденің арнайы сыйлығы - "Қазақстанның үздік жыл әртісі" аталымында жеңімпаз атанған болатын.


Қайрат Нұртас "Муз-ТВ" жүлдесі жайлы пікірін бөлісті. Бұл туралы ол "Свобода Слова" газетіне берген сұхбатында айтты. Еске салайық, әнші таяуда жүлденің арнайы сыйлығы - "Қазақстанның үздік жыл әртісі" аталымында жеңімпаз атанған болатын.

Тілшінің жүлдеден алған әсері туралы сұрағына әртіс бұл сыйлықтың Қазақстандағы әрбір әншінің арманы екенін айтты. "Иә, әрбір адамның өз арманы бар. Өз еліңде мұндай деңгейдегі сыйлық алу менің ғана емес, Қазақстандағы әрбір әншінің арманы деп ойлаймын. Бұл жүлдеге ең алдымен Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен ие болдым және осы додада маған қарсылас болған әр әнші мықты талант. Олардың алдағы жобаларда топ жарып шығуына тілектеспін", - деді ол.

Ал осы жүлденің қазақстан­дық әншілер үшін қандай маңыздылығы бар екендігі жайлы сұраққа әнші былай деп жауап берді: "Меніңше, маңызы зор. Неге десеңіз, бұл жай ғана сыйлық емес. Көршілес екі мемлекеттің мәдениетін біріктіріп, әншілерін бір-бірімен жақын таныстыратын және де бір сахнада бірігіп ән салуға мүмкіндік беретін үлкен жоба. Мұндай музыкалық байқаудың біздің елде өтуі де үлкен жетістік", - деді Қайрат Нұртас.

Еске сала кетейік, "МУЗ-ТВ-2015. Гравитация" музыкалық жүлдесінің алдында қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобының жүлдеге қатыспайтынын және мұндай байқаулардың қажеттілігіне байланысты үмітпен қарайтынын мәлімдеген болатын.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети