05 қыркүйек 2017 15:46

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова түскен бейнебаян жарыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың кеше, 4 қыркүйекте шыққан "Үміт үзбе" атты бейнебаяны бір тәулікте 200-дан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың кеше, 4 қыркүйекте шыққан "Үміт үзбе" атты бейнебаяны бір тәулікте 200-дан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебаян әншінің "Арман" деп аталатын жаңа фильміне түсірілген саундтрек. Картинада қос ғашықтың басынан өткендері баяндалады. 

Ал осының алдында Қайрат Нұртас басты рөлінде ойнайтын жаңа фильмнің премьерасы қашан өтетіні белгілі болған еді. ""Көптен күткен фильм!!! Алғаш рет Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова "Арман" фильмінде, бірге басты рөлде ойнайды! 12 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!!!", - деп жазған еді Қайрат Нұртас фильмнің афишасын жариялап.


Фильм постері. © Instagram.com/Kair_n

Бұл әншінің түсіп отырған бірінші фильмі емес екенін айта кетейік. 2016 жылы Қайрат Нұртас түскен "Тағдыр" фильмі жарыққа шыққан еді. Бұл картинада ол қарақшының рөлінде ойнады. Сонымен қатар, отандық басқа да фильмдердің эпизодында түскен. 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі туралы "Өкініш" фильмі шығып, қазақстандық прокатта көш бастаған еді.

Айта кетейік, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримова есімді келінінің барын растаған болатын. Алайда, айтуынша, Желіге Қайраттың отбасының суреттерін жүктеп, келіншегінің атынан әртүрлі жазбалар қалдырып жүрген жан - Жұлдыздың өзі емес. Продюсердің пікірінше, жалған парақшаны Жұлдыздың өмірінен хабардар құрбыларының бірі ашқан болуы мүмкін.

Әнші болса жеке өмірі жайлы айтуды құп көрмейді. Қауесеттерге сенсек, мұндай әдіс маркетинг үшін қолданылған. Жұлдыздың өзі әлеуметтік желілерде Қайратпен "Арман" клипінің кастингінде танысқанын айтқан еді. Әншінің әйелі оны ешкімнен қызғанбайтынын және шығармашылығына құрметпен қарайтынын да мойындаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети