27 қазан 2015 18:47

Қайрат Нұртастың әндеріне шетелдік әншілер құда түсіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ВКонтакте/ Кайрат Нуртас K.N © ВКонтакте/ Кайрат Нуртас K.N

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әндері шетелде танымал болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әндері шетелде танымал болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандық әншінің орындауындағы "Алматы түні" атты әнін таяуда Кавказдың DIDO атты лақап атпен танымал әншісі орыс тілінде орындады. Бұл жайтқа байланысты әншінің директорынан сұрағанымызда мұндай жағдайдың бірінші рет болыа отырмағанын, Қайраттың әндерін бұған дейін де әр түрлі мемлекеттің әншілері өз тілдеріне аударып айтып жүргенінен хабардар екендігін жеткізді.

Мысалы бұған дейін ноғай әншісі Жамбулат Караев есімді әнші Қайрат Нұртастың "Арман" атты әнін, Татарстанның "Айфара" атты тобы "Ауырмайды жүрек" әнін, Бащқұртстанның Айнұр Мансұров есімді әншісі "Ауырмайды жүрек" әнін, Өзбекстанның Шахриор деген әншісі "Сен де мен де" әнін, Қытайдың танымал әншісі "Алматының түндері" әнін өз тілдерінде орындап шыққан. "Бұл бізге мәлімдері ғана, бұдан да бөлек басқа елдерде басқа әншілер орындап жатуы да мүмкін. Маған шет мемлекеттерден жиі хабарласып, Қайраттың әндері онда танымал екенін, концертіне келуді армандайтындарын да жеткізіп жататындар өте көп. Тіпті, хабарласып, "Жеке кеші қашан өтеді Дубайдан алдын ала билетке бронь қояйын деп едік" деген ниеттерін жеткізгендер де бар", - деді Қайрат Нұртастың директоры Лаура Бекболатқызы.

Әншінің орындауындағы әнін жақында кавказдың DIDO деген лақап атпен танымал әншісі орыс тілінде орындады.

Жамбулат Караев ноғай тілінде шырқап, әнге бейнебаян түсірген еді. Ноғай әншісі хит болған әннің атауын ғана өзгертіпті, яғни "Арман" емес, "Яным" деп атаған.

Өзбекстанның танымал әншісі Шахриор "Сен де, мен де" атты хит әнді "San San" деп өзгертіп, тыңдармандарына өзбек тілінде айтып беріпті.

Айнұр Мансұров, "Ауырмайды жүрек" әніне түсірген бейнебаяны. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети