16 наурыз 2017 10:57

Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған қымбат тон табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас палуандармен. © instagram.com/kair_n Қайрат Нұртас палуандармен. © instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды киіп кеткен адамның немересі қысқы киімді иесіне қайтарып берді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz


Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды киіп кеткен адамның немересі қысқы киімді иесіне қайтарып берді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Павлодарлық полицейлер Қайрат Нұртастың концертінде жоғалып кеткен тонды қайтарып берген Қалқаман ауылының тұрғынына сүт тартатын электр машинасын сыйға тартты.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен адамның киімін иесіне алып келген зейнеткердің адалдығын тәртіп сақшылары ерекше бағалап, ынталандыруды жөн көрген. Алайда ақшалай сыйақыдан бірден бас тартқан ауыл тұрғыны мал ұстайтындықтан, көптен бері тоқ сепараторын алуды армандап жүргенін айтқан.

Еске салайық, 8 наурыз күні Естай атындағы мәдениет сарайында Қайрат Нұртастың "Жұбатуға арналады бұл әнім" атты ән кешінен кейін қала тұрғыны Алмагүл Байдельдинова құндыз тонынан айырылып қалған болатын. Байделдинова өзінің жазбасында белгісіз бір әйелдің оның қаракүзен ішігін алып, орнына жасанды ішікті қалдырып кеткенін жазған. Бұл оқиға әншінің концерті өткен Естай атындағы мәдениет сарайында болған. Павлодарлық 49 жастағы әйелдің айтуынша, Қайрат Нұртастың концертіне билетті оның туыстары сыйлаған.

"Отбасым менің Қайрат Нұртастың жанкүйері екенімді біледі. Мен бұрыннан бері оны көруді армандағанмын. Міне, туыстарым да маған сыйлық жасады. Содан концерт аяқталған соң мен киім ілетін жерге бардым. Адам көп болғандықтан сондағы әйел менің нөміріммен бірге тағы бірнеше нөмірді алды. Содан бірнеше киімді бір-ақ алып, үстелдің үстіне лақтырды. Сырт киімдердің ішінде жасанды ішіктен жасалған қоңыр түсті ішік болды. Менікіне қатты ұқсады. Қарасам ішінде теріден жасалған баскиім тұр. Ал менің ішігім жоқ", - деген еді әйел.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети